Ақтөбе облысында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

7 Сәуір 2020, 12:55
974
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

️Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 1 адам жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020_kz.

Ақтөбе облысында КВИ-дан жазылып шыққан науқас туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Науқас ауруханаға 22 наурыз күні сағат 06.05-те келіп түскен. Испания арқылы транзитпен ұшып келген. Зертханалық талдаулар вирус бар екенін дәлелденген. Вирусқа қарсы, симптоматикалық ем жүргізілді. 15-ші тәуліктерде КВИ-ға талдау алынды. Нәтижелері теріс болды. 7 сәуірде ауруханадан шығарылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде 14 күн болады, - делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны 47-ға жетті.

Індет жұқтырғандар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 48 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 32 адам, Жамбыл облысында - 40 адам, Шымкент қаласында - 19 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 54 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 1 адам. Жалпы 670 науқас тіркелді.


Өзгелердің жаңалығы