Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыру үшін Ақсу ферроқорытпа зауытының бірінші және төртінші балқыту цехтарының алты пешінде түтік сүзгілер ауыстырылды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.
Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, газ тазалау жүйесінің осы маңызды элементтерін үнемі жаңарту кәсіпорынға өзінің ауа шығарындыларын 99%-ға дейін ұстауға және кәдеге жаратуға мүмкіндік береді.
Қазіргі газ тазарту жабдығын қайта құру бүгінгі күні «Қазхром «ТҰК» АҚ (ERG) Ақсу ферроқорытпа зауытының табиғатты қорғау бағдарламасының негізгі бағыты болып табылады, бұл зауыттың қоршаған ортаға әсерін азайтады.
«Соңғы 18 жылда зауытта ферроқорытпа пештерінің тоғыз жаңа газ тазарту қондырғылары салынды, соның есебінен кәсіпорын атмосфераға шаң шығарындыларын екі еседен астам төмендетті. Біз осы бағытта үнемі қозғалып келеміз - бүгін тағы да екі пешке ұқсас құрылыстар салынуда», - деп атап өтті кәсіпорынның бас экологы Инна Давыдова.
Қолданыстағы шаң ұстайтын жүйелер тиімділігінің жоғары дәрежесі – 99 %, бұл нәтижені Ақсу металлургтері сүзгілерді уақтылы ауыстырудың арқасында қамтамасыз етеді. Жыл сайын сүзгілер 20 мың тоннадан астам шаң ұстайды. Сүзгілерді ауыстыру олар істен шыққанға дейін алдын ала орындалады. Әдетте, олардың қызмет ету мерзімі екі жылды құрайды.
Биыл Ақсу ферроқорытпа зауытында алты балқыту пешінде түтік сүзгілері ауыстырылды. Бұл 15 300 дана, оның жалпы ауданы 53 800 шаршы метрден асады.
«Сүзгілерді ауыстыру пештердің жоспарлы жөндеуі барысында агрегат толық тоқтаған кезде жүргізіледі. Мердігер жеңдерді ауыстырған кезде біздің мамандар қондырғының металл құрылымдарын, тартқыш жабдықтарды, импульсті регенерация және шаңды түсіру жүйелерін және шаң бункерлерін бірге тексереді және жөндейді. Содан кейін біз сүзгілерді тозаңдаумен айналысамыз. Пешті қыздыру барысында газ тазалау қондырғысының жабдығы да біртіндеп қуаттылықты арттырады, сүзгінің түкті бетінің шаңның ұсақ қабатымен біркелкі жабылуына мүмкіндік береді. Осылайша, келесі екі жылға сенімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін өзіндік қорғаныс қабаты қалыптасады», - деп атап өтті энергия жөндеу цехының аспирация учаскесінің бастығы Мұрат Қабдуллин.
Жақын арада кәсіпорында №14 және №45 пештердегі сүзгілер, сондай-ақ бірден үш пешке қызмет көрсететін алтыншы цехтың аспирациялық шығарындыларының газ тазартқыштарында да ауыстырылады. Кернеулі пайдалану тәртібі бар сенімді және тексерілген жабдық орнатылады, бұл сүзгілерге өз міндеттерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.