Алматы, BAQ.KZ. АҚШ Сириядан әскерін шығару аясында оларды Иракқа жеткізіп жатыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.
"Сирияның солтүстік-шығысынан АҚШ әскерін шығару жұмыстары жылдам жүргізіліп жатыр. Бұл жоспар аясында біз оларды Ирактың батысына көшіріп жатырмыз", - дейді АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер.
Сонымен қатар, ол Иракқа шамамен мыңға жуық жауынгер жеткізілетінін айтты.
"Әскерді шығару жұмыстары штатты режимде жүргізілуде. Сирияның солтүстік-шығысында қазір тыныштық орнаған, жол бойы тұрақты деп айтуға болады", - дейді Эспер.