АҚШ президентінің інісі қайтыс болды

16 Тамыз 2020, 11:31
1286
Бөлісу:
АҚШ президентінің інісі қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президентінің інісі Роберт Трамп 73 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

 
Інім Роберттің бүгін кешке қайтыс болғанын қайғыра отырып хабарлаймын. Ол менің тек ағам ғана емес, жақын досым да болатын. Біз оны қатты сағынамыз, бірақ біз әлі кездесеміз. Оны мәңгі жүрегімде сақтаймын. Роберт, мен сені жақсы көремін, жатқан жерің жайлы болсын, - деп жазылған Дональд Трамптың жазбаша мәлімдемесінде.
Бұған дейін Роберт Трамп Нью-Йоркте ауыр халде ауруханаға түскені туралы хабарланған болатын. АҚШ президенті жұма күні інісінің жағдайын білуге барған.
Өзгелердің жаңалығы