АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келмейді

2 Қаңтар 2020, 10:26
14406
Бөлісу:
АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ирак пен Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан, Өзбекстан, Украина және Беларусь елдеріне сапарын кейінге шегерді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті хабарлады.

Помпео 3 қаңтарда Киевке баруы тиіс еді. Одан кейін ол Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Кипрге сапарлауы керек болған.

Мемлекеттік департамент өкілі Морган Ортагус мәлімдеме жасап, Помпеоның Ирак пен Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауға қажет екенін жеткізген.

Оның сөзінше, Помпео Қазақстан, Өзбекстан Украина, Беларусь, Кипрге алдағы уақытта барады.

Өзгелердің жаңалығы