Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпан айының басында Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар алдымен батыста, одан кейін ҚР қалған аумақтарында жауын-шашынның жаууына, тұман және көктайғақ қалыптасуына әкеп соғады, - деп хабарлайды "Казгидромет" РМК баспасөз қызметі.
6-8 ақпан аралығындағы кезеңде солтүстік және шығыс өңірлерде бұрқасын мен қатты жауын-шашын және жел 15-25 м/с дейін күшейеді.
Сонымен қатар, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының түсуі температуралық фонның жоғарылауына себеп болады.
Батыста, солтүстік-батыста түнде -3-8°С-тан 0-5°С-дейін, кей жерлерде +3, күндіз 0-5°С-тан 0+7°С-дейін солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -20-28°С-тан 0-10°С-дейін, күндіз -8-15°С-тан -3+2°С-дейін, кей жерлерде -6°С оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 0-8, кей жерлерде -13°С-тан -3+2°С-дейін, күндіз +2+7°С-тан +5+12°С-дейін жылы болады. Бірінші онкүндіктің соңында ҚР аумағы бойынша ауа температурасы төмендейді. Солтүстік бөлігінде түнде -10-20°С дейін, күндіз -5-13°С-дейін оңтүстік бөлігінде түнде -3-13°С дейін, күндіз 0-7°С болады, - делінген хабарламада.
Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуы болжанады, онда ашық аязды күндер жиі жылы және жауын-шашынды күндермен алмасады.
Осылайша, орташа айлық ауа температурасы ҚР басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, тек батыста – климаттық мәндер шамасында болады.
Жауын-шашын мөлшері еліміздің солтүстік-батыс бөлігінде және оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп, ал қалған аймақтарда норма шамасында болады.