Ақмолалықтарды әлеуметтік желі арқылы қорқытқан ер адам ұсталды

19 Желтоқсан 2019, 00:28
4376
Бөлісу:
Ақмолалықтарды әлеуметтік желі арқылы қорқытқан ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында әлеуметтік желі арқылы қорқыту хабарламасын таратқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, полицияға өңірдің бірқатар тұрғыны хабарласып, белгісіз ер адам олардың әлеуметтік желідегі аккаунттары арқылы қорқытқанын айтқан. Күдікті тұрғындардың өздеріне және балаларына қатысты өлтіру және зорлық тақырыбында хабарлама жолдаған. Сонымен қатар, ол мәтіндік хабарламадан бөлек, жаман пиғылдағы суреттер жіберген.

Белгілі болғандай, ер адамның "Одноклассники" әлеуметтік желісіндегі парақшасы жалған болып шықты. Ол желі қолданушылардың ашық парақшаларына кіріп, балалардың суреттерін жүктеп алған. Кейін қорқыту хабарламасын жолдаған. Қазіргі кезде осындай 9 оқиға тіркеліп, оның әрбіреуі бойынша ҚР ҚК 115-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жедел-іздестіру шарасы кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Ақмола облысының аумағында күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан әлеуметтік желіге жалған аккаунтпен тіркелген ұялы телефон және хабарлама мен фотосуреттер тәркіленді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы