Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының палуан қыздары күрестен республикалық турнирде топ жарды. Жерлестеріміз екі алтын, екі күміс және екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Қарағанды қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Кеңес одағының батыры Нүркен Әбдіровтың құрметіне республикалық турнир өтті.
Татамиге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарынан барған 200 спортшы қатысты. Олардың арасында халықаралық, республикалық деңгейдегі спорт шеберлері бар. Жерлестеріміздің арасында Марина Зуева және Ирина Кузнецова чемпион атанса, Альбина Қайыргелдинова мен Александра Зайцева екінші, Эллада Махяддинова мен Айна Теміртасова үшінші орын алды, - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.