Ақмола облысында үсік жүреді

10 Қыркүйек 2020, 20:33
1297
Бөлісу:
Ақмола облысында үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда мен Қазақстанның бес облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

11 қыркүйекте түнде елордада топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Ақмола облысында 11 қыркүйекте түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік болады.

11 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда 11 қыркүйекте күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысында 11 қыркүйекте түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік сақталады. 11, 12 қыркүйекте күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Петропавлда 11-12 қыркүйек күндері оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

11 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел шығыстан батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

11 қыркүйекте түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі, топырақ бетінде 1-3 градус үсік болады. Павлодарда 11 қыркүйекте түнде тұман түсіп, топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Өзгелердің жаңалығы