Ақмола облысында мамандар заманауи оқыту әдістері бойынша дәріс алды

12 Қыркүйек 2019, 01:10
2740
Бөлісу:
Ақмола облысында мамандар заманауи оқыту әдістері бойынша дәріс алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті хабарлады.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының қолдауымен парасаттылық мектебінің дәріскерлері мен сарапшыларына, «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдеріне, арнайы мониторингтік топ мүшелеріне және қоғам өкілдеріне оқыту ұйымдастырды. Аталған іс-шара тыңдаушылардың білімін, құзыреттілігін және әдістемелік дағдыларын дамыту мақсатында өткізіліп отыр",- делінген хабарламада.

Жаттықтырушы ретінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің профессоры Сәуле Мурзина шақырылды. Оның айтуынша, оқыту тыңдаушыларға түрлі аудиториялармен жұмыс істеу дағдыларын, коучинг және менторлық дағдыларын, парасаттылық мектебінде сабақ өткізу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Оқыту шеңберінде өткізілген сабақтар топтық жаттығуларды, коучинг-сессияларды қолданумен шағын топтарда жұмыс істеу арқылы интерактивті режимде өтті. Қатысушылар сабақ өткізудің практикалық тәжірибесіне ие болды.

Іс-шараның тиімді атмосферасын атап өтпеуге болмайды. Практикалық сабақ кезінде топтық жұмыс тыңдаушылар арасында пікір алмасуға ықпал етті, ал жұмыс нәтижелерін көпшілік алдында талқылау азаматтардың адалдығы мен парасаттылығы қағидаларын қалыптастыру бойынша әдістерді әзірлеудің бірыңғай тәсілдерін анықтауға мүмкіндік берді.

Қатысушылар «парасаттылық» ұғымына, сондай-ақ осы сапаны қалыптастыру факторларына, шарттары мен тәсілдеріне талдау жүргізді. Сабақ барысында алған білім мен дағдылар тек парасаттылық мектептері шеңберінде ғана емес, сонымен қатар халықпен кездесулер кезінде де пайдаланылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы