Ақмола облысында екі өрт сөндіру бекеті ашылды

17 Тамыз 2019, 06:30
1618
Бөлісу:
Ақмола облысында екі өрт сөндіру бекеті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында бір аптаның ішінде екі өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл туралы аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен, орт сөндіру бекетінің біреуі Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында болса, екіншісі Шортанды ауданының Петровка ауылында пайдалануға берілді.

«Петровка ауылындағы өрт сөндіру бекеті 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Сондықтан, ол төтенше жағдай болған кезде өрт сөндірушілерге біраз қиындықтар туғызып келді. Әсіресе, қыстың бораны мен жаздың жаңбырлы күндері мүлдем қиынға соғатын. Енді міне, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ашылып отырған бекет пен жаңадан жасақталған команда төтенше жағдайға тап болған Петровка ауылы мен жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына көмек көрсететін болады», - дейді Ақмола облыстық ТЖД бастығы Алексей Советов.

Жалпы, Петровка ауылындағы бекет ГАЗ-53 өрт сөндіру автоцистернасы, сиымдылығы 2000 текше метр өрт сөндіру құралы және 4 адамдық жеке құрамнан тұрады. Бекет 1600 тұрғыны бар Новокавказское, Қара-Адыр және Петровка ауылындарына қызмет көрсетеді.

Ал, Целиноград ауданындағы Жаңаесіл ауылындағы өрт сөндіру бекетінде 4 адам жұмыс істейді. Нысан телефон байланысы, жылытылатын бокспен жабдықталған. 



Өзгелердің жаңалығы