Жамбыл облысында 9 жасар қыз суға батып кетті

17 Маусым 2020, 14:08
2352
Бөлісу:
Жамбыл облысында 9 жасар қыз суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 маусымда сағат 17:30-да Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық округінда 2011 жылы туған қыз бала суға батып кеткені туралы хабар түсті, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Қыз өз ағасымен суға түсу үшін жабдықталмаған жерде, шомылып жатқан кезде суға батып кеткен. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД 2 қызметкері мен 1 техникасы шықты.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде, азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырады. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жүргізіліп жатқан жұмыстарына және күнделікті рейдтік жұмыстарға қарамастан қайғылы оқиға орын алып отыр, бұл биыл жылғы 4-ші қайғылы оқиға, жазғы шомылу маусымы басталғалы бері төрт адам суға батып, оның біреуі құтқырылып 3 адам қаза болды, оның екеуі бала, - делінген ақпаратта.

 


Өзгелердің жаңалығы