Астана, baq.kz. Туризм саласындағы осындай ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет өткізілгелі отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.
Оқи отырыңыз:
Естеріңізге сала кетейік, сегізінші мәрте өткізілгелі отырған саммит Орталық Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылмақ.
Жиын Қазақстанның бас қаласында өтетіні Оңтүстік Кореяның астанасында ұйымдастырылған 7-ші жаһандық UNWTO саммиті кезінде белгілі болды.
Сонымен қатар, Routes Silk Road авиамаршруттар форумы, Comic Con костюмдер фестивалін өткізумен қатар, Женева қаласында орналасқан Халықаралық Seedstars бизнес-акселераторымен бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағында қалалық инновациялық алаңды ашу көзделіп отыр. Бұл ТМД-да Seedstars басқаратын алғашқы коворкинг-орталық болады, оның желісіне 70 мыңнан астам стартапшы, кәсіпкерлер мен инвесторлар енеді.