Ядроcыз статус, Асадты құтқару. Президенттің дипломатиядағы тағдыршешті кезеңдері

26 Мамыр 2019, 23:31
1198
Бөлісу:
Ядроcыз статус, Асадты құтқару. Президенттің дипломатиядағы тағдыршешті кезеңдері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби өмірінің көп бөлігін дипломатияға арнаған. КСРО Сыртқы Істер Министрлігі, БҰҰ-ның еуропалық штаб-пәтері, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі - Тоқаевтың еңбек жолындағы өткелдер осылар. Президенттің туған күніне орай (Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамыр күні 66 жасқа толды - аудармашы) мемлекет басшысының дипломатиядағы еңбек жолы мен оған әріптестерінің берген мінездемелерін шолып өтсек.

Асан Агелеуов, 365info.kz 


Өрлеу басында

 Қазақстан басшысының дипломатиядағы мансап жолы оның — Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтында оқуынан басталды. Бұл оқу орны сала бойынша КСРО-дағы басты оқу орны еді. Одан бөлек, Тоқаев Пекин лингвистикалық институтын (мұнда ол өзі білетін көп тілдердің бірі — қытай тілі білімін жетілдірді), Ресей Федерациясының Дипломатиялық Академиясын тәмамдаған.

Оқу жылдарында сіңірген білімін ол кейін түрлі қызметтерде жүріп, іске асыра алды.   Ол қызметтерін тізбектесек — былай:

- Совет СІМ орталық аппараты, Тоқаев мұнда 1975 жылы келді;

- Сингапур мен Қытайдағы елшіліктер;

- БҰҰ-ның Женева бөлімінің басшысы мен БҰҰ бас хатшысының орынбасары;

- Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігіндегі 10 жылдан астам басшылық.

Оның курстасы, қазір аталмыш МГИМО доценті Владимир Шишкин оның үздік оқығанын еске алады. Тоқаев онда 1970 жылы түскен болатын. Шишкиннің «Ведомости» басылымында айтуынша, ол ҚР президентімен соңғы рет екі жыл бұрын кездескен. Тоқаев сонда өзінің биік лауазымына қарамастан кішіпейлдік көрсеткен екен.


Халықыралық саясаттағы алғашқы қадамдар

Оқудан кейін, Тоқаев КСРО СІМ штатына алынып, алғашқы шетелдік іссапарлары басталды. Болашақ прездиент Сингапур мен Қытайдағы елшіліктерде жұмыс істеді. Халықаралық өзекті проблемалар институтының директоры, сол кездегі әріптесі Евгений Баженов Тоқаевқа : «Тоқаев — мансап баспалдағының бәрінен өткен жоғары дәрежеде тәжірибелі адам»деген баға береді. Оның айтуынша («Вестник Кавказа» басылымы келтірген дәйексөз), Қазақстан президенті тамаша білім алды:

«МГИМО, Дипломатиялық Академияны бітірген; орыс, ағылшын, қытай. Француз, қазақ тілдерін білетін президент табыла бермейді Мен оны ұлы басшы деп сенемін, және оным — тек тамаша білімі мен орасан кәсіби тәжірибесі болғасын емес. Ол ғылыммен үнемі айналысып жүретін және әлі айналысады. Ол керемет докторлық диссертация қорғап шықты. Халықаралық қатынастар, қазіргі әлем, Қазақстанның сыртқы дүниемен байланысы, өзінің дипломат ретіндегі, БҰҰ жоғары лауазым иесі ретіндегі тәжірибесі жөнінде өте салмақты кітаптар жазып жатыр».

 

БҰҰ-дағы жұмыс

Тоқаев 2014 шыққан «Размышления в ООН» атты кітабында: «БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның шешімімен Женева бөлімінің тарихында (1947-1957 жылдар аралығында БҰҰ-ның еуропалық бөлімі деп аталған) соны оқиға болды. Жаһандық сипаттағы шараларға жауапты бұл маңызды офисті алғаш рет Азия өкілі басқарды. 2011 жылға дейін мұндай мәртебеге тек бір америкалық 1952 жылы ие болған, басқаларының барлығы еуропалықтар болып келді». Тоқаев БҰҰ-да 2011 жылдың наурызынан бастап жұмыс істеді.                                                                                                                                                                                                    

«БҰҰ Женева бөлімі басшысының жарғыда бекітілген көптеген міндеттері мен өкілеттіктері бар, сайып келгенде ол — бүкіл халықаралық құқықтың негізі мен келбеті — деп еске алады Тоқаев. - Сондықтан бас директордың әрбір сөзі — саясаткерлердің, дипоматтардың, ғалымдардың, журналистердің және үкіметтік емес сектордың тарапынан мұқият електен өтеді».

 

Әріптестерінің айтуынша...

2014 жылы Женевада кітаптың презентациясы кезінде БҰҰ Женева бөлімі бас директорының міндетін уақытша атқарушы даниялық Майкл Моллер Тоқаевтың жетістіктерін атап өтті. Соның ішінде Қасым-Жомарт Кемелұлының қазіргі барлық өзекті мәселелерге адамгершілік тұрғыдан қарайтынын, «жалын мен прагматизмнің үйлесімі» екенін айтқан. Бұл Швейцарияда орыс тілінде шығатын «Наша газета» басылымында жарық көрді. «Бір жыл бұрын Женевадан кетіп бара жатып, Тоқаев біздің офисті ұмытпайтынын, әрі қарай да БҰҰ идеяларын дәріптейтінін айтты. Бүгін ұсынып отырған кітабымыз — оның сол уәдесінде тұрғанының айғағы» - деді Моллер.

Ресейлік дипломат Сергей Орджоникидзе «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында: «мен 2011 жылы Женевадағы жұмыстарды оған табыстап жатқанымда-ақ оның ірі саяси қайраткер екенін сездім. Сыртқы да, ішкі де ахуалға кеңінен қарайтын жоғары дәрежедегі дипломат» дейді. Тоқаев БҰҰ бас хатшысының орынбасары әрі Женева офисінің басшысы ретінде осы Сергей Орджоникидзенің орнына барған болатын.

Тоқаев 2013 жылы ҚР Парламенті Сенаты төрағасы болып сайланғаннан кейін БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун оған алғыс хат жолдады. «Сіздің Женевада жоғыңыз бізге білінетін болады. БҰҰ жүйесіндегі барлық әріптестердің атынан жалыныңыз бен санасу қабілетіңіз үшін алғыс білдіреміз. Халықаралық қауымдастық үшін күрделі кезеңде сіз Женева бөлімін халықаралық қатынастың ошағына, БҰҰ бастамалары мен шараларының жоғары деңгейдегі қосынына айналдыра алдыңыз» делінген хатта.

БҰҰ-дағы жұмыстарынан эпизодтар

MGIMO Journal басылымына берген сұхбатында Тоқаев БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунге Сенат төрағасы болып сайлануына байланысты ұйымнан кететіні туралы телефонмен хабарлаған сәтін еске алады. «Тұтқада үнсіздік орнап, аздан соң менің бұрынғы бастығым: «Сенің БҰҰ-да ұзақ отырмайтыныңды сезгем, бірақ осылай тез болады деп ойламап едім. Қайткенде де мен саған Женевадағы қызметің үшін алғысымды білдіремін, оны жоғары бағалаймын» деді».

Тоқаевтың БҰҰ-дағы қызметінің маңызды сәттерінің бірі ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі де, көптеген сарапшылар да — 2012 жылдың 30 маусымындағы Сирия бойынша кездесуді атайды. Онда қабылданған құжат осы күнге дейін Сириядағы ахуалды реттеуге халықаралық құқық негізі болып қалып отыр. АҚШ тарапынан сол кездегі мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон болған еді.

 

«Кездесу түбегейлі жеңіспен аяқталды!

Клинтон мұндай нәтижені күтпеген еді. Башар Асадтың биліктен кетуі туралы шарт жоқ құжатпен қалай келіскенін білмей қалды. Есімде, кешкі сегіздер шамасы еді. Ұлттар Сарайында адам қарасы азайған,мен әлі жұмыста отыр едім. Бір кезде маған, Хилларидің АҚШ БАҚ-тарына құжаттың осы нұсқасына келісудің дұрыс болғанын дәлелдеп жатқаны туралы хабар жетті. Әйтпесе Ресейдің ықпалына жол ашылып, мұндай құжат тіпті шықпайтын еді деп Клинтон».

 

Елде

 Қазіргі президенттің Қазақстанның сыртқы істер министрлігіндегі жұмысында да жетістіктер мен көреген қадамдар баршылық. Айталық, 1992 жылдың наурызында, әлі министрдің орынбасары кезінде Советтер Одағынан қалған ядролық «мұра» жөніндегі келіссөздерге қатысты. Мәскеудің үгіттеуіне қарамастан, Тоқаев Украина мен Беларусь өкілдерін әзірге ядролық мәртебеден бас тартпауға шақырды. «Нәтижесінде үш мемлекет «уақытша ядролық қаруы бар» мәртебесінде болып, Ресеймен де, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің басқа да тұрақты мүшелерімен келіссөздер әрі қарай басқа деңгейге ауысты» - деп жазған «Ведомости». Ақыры Қазақстан өз еркімен ядросыз мемлекетке айналып, осы тақырып айналасындағы келіссөздерде әлемдік державалармен жақсы қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның қазірге дейін берік ұстанып келе жатқан көпвекторлы саясатының бастауы да сол.

Тоқаевтың сыртқы істер министрлігінде түбегейлі айналысқан тағы бір мәселесі — шекаралардың демаркациясы. Бұл тақырыптың сонша қиямпұрыстығына қарамастан, Қазақстан Қытаймен 1997 жылы келісімге келе алды. Астрахань мен Атырау облыстары арасындағы жерлерге байланысты мәселеде Ресеймен де ымыраға келді. Аталған және басқа да учаскелер ақыры елдер арасында тең бөлінді.



Өзгелердің жаңалығы