Трамптың бұрынғы кеңесшісіне әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынды

17 Шілде 2019, 11:22
2476
Бөлісу:
Трамптың бұрынғы кеңесшісіне әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл Роджер Стоун өзіне қарсы тағылған айыптардың деректерін жарияламауы үшін жасалып отыр, деп жазады The Wall Street Journal.

Стоунға Twitter, Facebook және Instagram желілерін қолдануға тыйым салынды. Сот Стоун өзіне тағылған айыптардың деректерін жарияламауы үшін осындай шешімді шығарды.

Округ судьясы Эми Берман Джексонның айтуынша, Стоун сот процесі басталғанға дейін қамаудан босату шарттарын бұзған.

Айта кетсек, Американың Флорида штатында АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы саяси кеңесшісі Роджер Стоун қамауға алынған болатын. Бұл туралы 25 қаңтарда Associated Press агенттігі АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллердің сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, Стоунға жеті пункт, атап айтқанда куәгерлерге қысым көрсету, әділеттікке кедергі келтіру және жалған куәлік беру бойынша айып тағылған.

 

Өзгелердің жаңалығы