Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

29 Наурыз 2019, 10:18
2055
Бөлісу:
Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 27-28 наурызында Римде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Италия Парламентінің, Италия Сыртқы істер және экономикалық даму министрліктерінің басшылықтарымен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылғы 28 наурыз күнгі кездесуде Қазақстан мен Италия арасында осыдан 10 жыл бұрын орнатылған шынайы стратегиялық әріптестік рухындағы сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі шараларды қабылдайтын болды. 

Италия экономикалық даму министрінің орынбасары Андреа Чиоффимен өткен келіссөздер шеңберінде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Р. Василенко дипломатиялық қатынастар орнатылған сәттен бастап, 27 жыл ішінде Қазақстан мен Италия екіжақты ынтымақтастықты дамытуда әсерлі табыстарға қол жеткізгенін атап өтті. Италия еліміздің екінші сауда серіктесі, нәтижесінде тауар айналымы 13 млрд АҚШ долларын, 2006 жылдан бері тікелей итальяндық инвестициялардың көлемі 6 млрд АҚШ долларын құрайды. Кездесу барысында Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетіне және Жібек жолының жаңа тұжырымдамасын іске асырудағы еліміздің негізгі рөліне ерекше назар аударылды. Тараптар іске кіріскен біріккен қазақстан-итальяндық кәсіпорындарды қолдау (қазіргі уақытта ҚР-да Италияның қатысуымен 164 біріккен кәсіпорын жұмыс істейді), сондай-ақ цифрлық технологиялар, инфрқұрылымдық даму және агрокәсіптік кешен саласындағы жаңа бірлескен жобаларды әзірлеу арқылы ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын атап өтті.

Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің Ресей Федерациясы, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азиямен ынтымақтастық департаментінің директоры Ф. Ди Микелемен әңгімелесу барысында дипломаттар ағымдағы жылы ынтымақтастықты нығайту жоспарларын талқылады. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 ҚР сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары Р. Василенко сапарының екінші күні Италия Парламенті Депутаттар палатасының вице-президенті Этторе Розатомен және Депутаттар палатасының квесторы (жауапты хатшы), Қазақстан-Италия достық тобының төрағасы Эдмондо Чиреллимен кездесті. Екіжақты және көпжақты сипаттағы өзекті мәселелер бойынша тыңғылықты пікірлер талқыланды. Атап айтқанда, тараптар парламентаралық байланыстарды, соның ішінде ынтымақтастық топтарының белсенді өзара іс-қимылы және заңнамалық қызметтегі тәжірибе алмасуы арқылы дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

Өз кезегінде, италиялық заң шығарушылар Қазақстан мен Италия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына жоғары баға бере отырып, парламентаралық қатынастардың әріптестікті дамытудағы маңызды құрал болып саналатынын атап өтті. Сонымен бірге, олар италия тарапының жақын арада Қазақстан мен Еуроодақ және мүше-мемлекеттер арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялау ниетін білдірді. Кездесудің қорытындысы бойынша белсенді парламентаралық байланыстарды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өз сапарын аяқтай келе, Р.Василенко Халықаралық ұйымдардағы итальяндық қоғамболашақ дипломаттар алдында (SIOI) «Орталық Азия және аймақтық тұрақтылық: Қазақстанның стратегиялық рөлі» тақырыбында  алдында лекция оқыды. 

Іс-сапардың қорытындысы бойынша қазақстандық дипломат бірқатар итальяндық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, оның барысында екіжақты Қазақстан-Италия ынтымақтастығының өзекті мәселелеріне жауап беріп, халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын атап өтті. Ширек ғасыр ішінде елдеріміз арасындағы жемісті саяси диалог орнатылғаны, нық шарттық-құқықтық база құрылғаны, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дамығандығы атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы