Головкиннің промоутері мәлімдеме жасады

8 Қаңтар 2019, 10:49
8601
Бөлісу:
Головкиннің промоутері мәлімдеме жасады

Астана, baq.kz тілшісі. Промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен «серіктестікті тоқтату» туралы БАҚ-та тараған жаңалықтарға қатысты пікір білдірді. 

Ол Twitter-дегі парақшасында «Головкин мен оның промоутері серіктестікті тоқтатады» деп ақпарат таратқан сарапшыларға жауап берді.

«Дэн, Головкин бүгін маған мұның «сары басылым» екенін және карьерасы туралы менің не оның сөзінсіз ештеңе жазудың қажеті жоғын айтты. Осы секілді жауапсыздықтан соң адамдар сенің твитіңді пайдаланып, жалған ақпараттан мақала жазып отыр», - деп жауап берді Леффлер ESPN телеарнасының инсайдері мен сарапшысы Дэн Рафаэльге.

Fox Sports инсайдері мен Ring журналының журналисі Майк Копингерге Головкиннің жеке өміріне қол сұқпауды сұрады. 

«Майк, Головкиннің карьерасына деген спекуляцияңды доғар және жаңалықты күт. GGG-дің жеке өмірін әлеуметтік желіде атап көрсетпеуді өтінемін. Ол отбасы мен боксты араластырмайды. Оған деген аздап құрметіңізді көрсетіп, біз ресми мәлімдеме жасағанға дейін күтіңіз», - деді промоутер. 

Леффлер осындай ақпарат таратқан журналист Марк Ортегоға да жауап берді.

«Марк, басқа «медиа» секілді сіз де жалған ақпаратты жазып отырсыз. Жаряламастан бұрын фактілеріңізді тексеріңіз, болмаса маған хабарласыңыз. Промоутерімен келісімшартын бұзғызы келген Уорд үш рет ұтылды», - деді ол.

Осыдан кейін кәсіпқой боксшы Головкин де промоутерінің твиттерін желіде бөлісті. 
Еске сала кетсек, Том Леффлер мен Головкин 2011 жылдан бастап бірге жұмыс істейді. Жақында GGG промоутерімен жұмысын тоқтатты деген ақпарат тараған болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы