"Су бол": Financial Times газеті жыл сөзін таңдады

24 Желтоқсан 2019, 20:46
2852
Бөлісу:
"Су бол": Financial Times газеті жыл сөзін таңдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Be water ("Су бол") сөз тіркесі Гонконг қаласындағы наразылық білдірушілердің ұраны, деп хабарлайды Financial Times. 

Бұл сөз тіркесі жауынгерлік өнер философиясында жиі қолданылады. Ал 1970-ші жылдары атақты актер Брюс Лидің арқасында тіпті танымал болып кетті. 

Санаңызды таза ұстаңыз. Су сияқты пішінсіз болыңыз. Суды тостағанға құйсаңыз – ол тостағанға айналады, бөтелкеге құйсаңыз – бөтелке болады. Су сұйық кезінде ағады, мұз кезінде сынады. Су сияқты бол, менің досым, - дейді Брюс Ли сол кездегі сұхбатында.

Қазіргі кезде бұл атақты сөз тіркесін Гонконг қаласындағы наразылық білдірушілер қолдануда. Фраза акция қатысушылары құқық қорғау органдарының өкілдеріне қарсы өз іс-әрекеттерін қалай ұйымдастырғанан байланысты да пайдаланылған.

Арнайы жасақ наразы топты ұстау үшін жиналады, ал олар жан-жаққа тарап, "тұман арасында жүргендей көрінбей кетеді". Құдды қаладағы тар көшелердің бойымен "ағып жатқан су сияқты" еді. Ал егер жасақ оларды ұстауға талпынса, "мұз сияқты қатайып" қарсы тұратын, - делінген мақалада. 

FT атап өткендей, Азияның басты қаржы орталығының бірінде өтіп жатқан наразылықтың дәл осындай философиясы оның жарты жылдан астам уақытқа созылуына мүмкіндік берген.

Financial Times айтуынша, 2019 жылы Испания, Чили және Ливан сияқты елдерде өткен наразылық акциялары да Гонконгтағы «су бол» тактикасын әдейі пайдаланып, өздері де қолдана бастаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Time журналы "Жыл адамы" деп Швеция елінің эко-белсендісі, 16 жастағы Грета Тунбергті таныған еді. Бұл байқаудың тізімінде Гонконгта наразылық білдірушілері де болды. 

Гонконг тұрғындары көшеге маусым айында шыға бастады. Наразылық акциясына 1 миллионнан астам адам қатысты. Оның басталуына Үкіметтің ҚХР, Тайвань және Макаомен экстрадициялау туралы келісімге қол қою ниеті себеп болды. Ал заң қабылданған кезде алаңға шыққандардың саны тіпті көбейіп кетті. Қазан айының басында заң жобасы толығымен кері қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы