БҰҰ Бас хатшысы: Парсы шығанағында тағы бір соғысқа жол бере алмаймыз

6 Қаңтар 2020, 09:47
2330
Бөлісу:
БҰҰ Бас хатшысы: Парсы шығанағында тағы бір соғысқа жол бере алмаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты БҰҰ-ның Бас хатшысы әлем көшбасшыларын барынша ұстамды болуға шақырды.

Бас хатшы Парсы шығанағындағы қақтығыстың өршіп кетпеуіне бар күшін салуда және жағдайдың шиеленісуіне байланысты қатты алаңдаулы, - делінген БҰҰ басшысының атынан оның баспасөз хатшысы жасаған мәлімдемеде.
Мұндай сәтте көшбасшылар барынша сабырлы болуы тиіс. Халықаралық қауымдастық Парсы шығанағында тағы бір соғысқа жол бере алмайды, - деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хактың айтуынша, Бас хатшының Ирактағы арнайы өкілі және БҰҰ-ның осы елге көмек көрсету жөніндегі миссиясының басшысы Джанин Хеннис-Пласшерт жағдайды тұрақтандыру үшін бар күш-жігерін салып, жұмыс атқарып жатыр.

Хактың сөзі бойынша, Бас хатшысы бүгін БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілімен телефон арқылы әңгімелесті. Алайда сұхбат барысындағы нақты мәліметтер жарияланбады.
Өзгелердің жаңалығы