97 жастағы әжейдің өліміне коронавирус себеп болған жоқ

26 Сәуір 2020, 19:02
1829
Бөлісу:
97 жастағы әжейдің өліміне коронавирус себеп болған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қайтыс болған 97 жастағы әжейдің өлімі коронавирустан емес болып шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, өлім ми қан айналымының бұзылуынан туындаған қайтымсыз табиғи салдардан орын алған. Коронавирус инфекциясы басқа да бірқатар ауыр аурулар секілді ілеспелі болды. Осыған байланысты Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім жағдайын коронавирустың салдарынан болды деп есептемеуге шешім қабылдады, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы қаласында 97 жастағы науқастан коронавирустан көз жұмғандығы туралы хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы