Көкшетау және Петропавл қалаларында 9,5 тонна спирті бар сұйықтық тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында тиісті құжаттарысыз қомақты көлемде алкоголь өнімін одан әрі өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау және сақтау әрекеттерінің жолын кесті, - делінген хабарламада.
Көкшетау және Петропавл қалаларының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық, бос пластик ыдыстар, дайын алкоголь өнімі табылып, тәркіленді.
Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады.
ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.