95 мың мүмкіндігі шектеулі жанның деректерін жинадық - министр

10 Қазан 2023, 11:39
806
Бөлісу:
95 мың мүмкіндігі шектеулі жанның деректерін жинадық - министр
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Елімізде өрттің алдын алу үшін 95 мың мүмкіндігі шектеулі жанның тұрғылықты жері бойынша мәліметтер жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.

Айтуынша, халықты қорғау деңгейін арттыру және өрттен келетін шығынды азайту мақсатында бірнеше бағыт бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді.

Мәселен, кезекші-диспетчерлік қызметтердің жұмыс орындарын автоматтандыру арқылы азаматтарға көмек көрсету уақытын қысқарту шаралары қабылданып отыр. Атап айтқанда, 95 мың мүмкіндігі шектеулі жанның тұрғылықты жері бойынша деректер жиналды. Бұл өрт кезінде қозғалысы шектеулі адамдардың болуы туралы ақпаратты құтқарушыларға автоматты түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 300 мыңнан астам үй профилактикалық жұмыстармен қамтылды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол 800 мыңға жуық азаматқа нұсқау берілгеніне тоқталды.

Сондай-ақ 100 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. Жылыту маусымы қарсаңында 8 мыңға жуық жаңа құрылғы орнатылса, 2016 жылдан бастап барлығы 193 мыңға жуық құрылғы орнатылды, - деді Сырым Шәріпханов.

Өзгелердің жаңалығы