925 мың қорап заңсыз темекі айналымнан шығарылды

20 Шілде 2022, 09:41
2647
Бөлісу:
925 мың қорап заңсыз темекі  айналымнан шығарылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құны 527,3 млн теңге құрайтын контрабандалық темекі өнімін Алматы облысының салықшылары анықтаған.

Бұл туралы  Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

925 мың қорап заңсыз темекі  айналымнан шығарылды

Қаскелең қаласы, Алматы-Бішкек трассасының 29 шақырымында орналасқан «Кристалл» қонақ үй-тұрақ кешенінің аумағында 925 мың қорап заңсыз темекі (18,5 млн темекі тарту бірлігі) өнімі анықталды. Акциздік маркасы жоқ контрабандалық темекі өнімі тексеру жүргізу барысында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп анықталды. 

Тексеру нәтижелері бойынша барлық материалдар  Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша бұзушылық белгілерімен Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді. 

Төленбеген акциз шығын сомасы 227,6 млн теңгені құрайды, темекінің жалпы құны 527,3 млн теңгені құрады. 

925 мың қорап заңсыз темекі  айналымнан шығарылды

Қылмыстық кодекстің 233-бабының 1-бөлігіне сәйкес айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан, акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Өзгелердің жаңалығы