Қазақстанның соңғы жаңалықтары

901 млрд доллар: АҚШ Конгресі рекордтық қорғаныс бюджетін мақұлдады

Бүгiн, 04:27
272
Бөлісу:
 Jonathan Ernst/Reuters
Фото: Jonathan Ernst/Reuters

АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы 901 млрд доллар көлеміндегі рекордтық қорғаныс бюджетін мақұлдады. Құжат 77 дауыспен қабылданып, 20 қарсы дауыс берілді. Енді заң жобасы Президент Дональд Трампқа қол қоюға жіберіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Заң жобасына сәйкес, әскери қызметкерлердің жалақысы 4%-ға өседі, Еуропадағы қауіпсіздікті нығайту шаралары көзделген. Украинаға екі жыл ішінде 800 млн доллар бөлінсе, Балтия елдерін – Эстония, Латвия және Литваны қорғауға 175 млн доллар қарастырылған. Сонымен қатар, АҚШ Қорғаныс министрлігі Еуропадағы әскерлер санын 76 000 адамнан төмендетпеуге міндетті, ал Еуропадағы американдық командир НАТО-ның Жоғарғы Бас қолбасшысы лауазымынан бас тарта алмайды.

Заң жобасында АҚШ Қорғаныс министрлігінің атауын «Соғыс министрлігі» деп өзгерту мәселесі қарастырылмаған. Дегенмен, әкімшілік бұл атауды қолдануда, ал министр Пит Хегсет өзін «соғыс жөніндегі мемлекеттік хатшы» деп атайды. Ресми бекіту үшін бұл өзгеріс Конгресстен өтуі керек.

Өзгелердің жаңалығы