90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысы ұсталды

30 Қаңтар 2024, 12:18
3889
Бөлісу:
90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысы ұсталды
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін, 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Банда мүшелерінің есебінде төрт адам өлтіру, жүргізушілерге жасалған тонау шабуылдары, экономикалық контрабанда және билік өкілінің немесе лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше тағайындау фактілері бар. 6 адамнан тұратын топ өзінің қылмыстарын 26 жыл бұрын жасай бастады.

1998 жылдан бастап милиция қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін киіп алып, автоматты атыс қаруымен қаруланған қылмыскерлер қала сыртындағы автожолдарда жезлдің көмегімен автокөліктерді иемдену мақсатында тоқтатып, жүргізушілер мен олардың жолаушыларын атып тастайтын. Денелерді орман алқаптарына көму арқылы жойып, ал автокөліктерді заңсыз сатқан.

1999 жылы банданың төрт мүшесін полиция қызметкерлері ұстады. Кейіннен сот үкімімен олардың екеуі өлім жазасына, екеуі ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылды.

Топтың бір мүшесі құжаттарды, тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын заңсыз өзгерткен, сыртқы түрін өзгерткен және 26 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.

27 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары мен ұзақ әзірлемелердің нәтижесінде топтың соңғы қатысушысы Көкшетауда ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу рәсімдері жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы