Алматы облысының шеберлері ұзындығы 90 метрге жететін көрпеше тікті

26 Қазан 2019, 10:18
2167
Бөлісу:
Алматы облысының шеберлері ұзындығы 90 метрге жететін көрпеше тікті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Кеден ауданының 90 жылдығына орай жергілікті тұрғындар ұзындығы 90 метрге жететін көрпеше тікті. 

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.

Шебер әйелдер өзінің жасап шығарған өнер туындысын аудан орталығында өткен мерекеде көпшілікке көрсетті. 


"Алматы облысы әкімі Амандық Баталовпен қоса мемлекет және мәдениет қайраткерлері аудан тұрғындарын мерейтоймен құттықтап келді", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, мерейтой өткеннен кейін 90 метрлік көрпеше жергілікті мектеп-интернатқа тапсырылатын болады.


Өзгелердің жаңалығы