9 жасар бала бес адамның өліміне кінәлі деп танылды

10 Қазан 2019, 10:06
7043
Бөлісу:
9 жасар бала бес адамның өліміне кінәлі деп танылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға АҚШ-тың Иллинойс штатында болған. Жас жеткіншек 5 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлады РИА Новости.

Иллинойс штатының прокуроры Грег Мингердің айтуынша, штаттың кішкентай тұрғыны 5 адамның өліміне кінәлі және қасақана өрт қойды деген күдікке ілінген. 

Peoria Journal Star басылымының ақпаратына сәйкес, 6 сәуір күні жеткіншек жылжымалы үйге өрт қойған. Салдарынан тілсіз жаудан 5 адам қаза тапқан, оның 3-еуі бала. Екі адам құтқарылған.

Өрт 23.00-де басталған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде, үй лапылдап жанып жатқан.

Мингердің сөзінше, кішкентай балаға айып тағу оңай болмады. 

"Бұл жантүршігерлік оқиға. Жас жеткіншек өте ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда", - деп айтты ол.

Егер бала сотталатын болса, ол 5 жыл сынақ мерзімімен бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Баланың жасын ескере отырып, сынақ мерзімін беру - дұрыс шешім деп ойлаймын", -  деді прокурор.

Өзгелердің жаңалығы