9 келі есірткі тасымалдаған қызылордалық ұсталды

3 Желтоқсан 2020, 23:46
1212
Бөлісу:
9 келі есірткі тасымалдаған қызылордалық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған қала тұрғыны ұсталды.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, 2020 жылдың 1 желтоқсанында патрульдік полиция қызметкерлері “Қызылорда-Павлодар” тас жолының 12-шақырымында жол ережесін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі ерекше иісі бар шөп салынған полиэтилен пакет алынды. Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар зат салмағы тоғыз келіге жуық кептірілген марихуана екендігі анықталды.

30 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы