9 айда мемлекеттік бюджетке 10,7 трлн теңге салық түсті

14 Қазан 2022, 14:59
1263
Бөлісу:
9 айда мемлекеттік бюджетке 10,7 трлн теңге салық түсті
Фото: BAQ.KZ

2022 жылғы 9 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,8% орындалды.  Жоспар бойынша 10 270,8 млрд теңге, 392,0 млрд теңгеге асыра орындаумен 10 662,8 млрд теңге нақты түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы  ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдейді.

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе немесе 3 124,6 млрд теңгеге өсті, оның ішінде:

- республикалық бюджет 100,8% орындалды (жоспар бойынша 7 186,0 млрд.теңге, 54,8 млр теңгеге асыра орындаумен 7 240,7 млрд теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 320,2 млрд теңгеге өсті;

- жергілікті бюджет 110,9% орындалды (жоспар бойынша 3 084,8 млрд теңге, 337,2 млрд теңгеге асыра орындаумен 3 422,1 млрд теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,7% немесе 804,4 млрд теңгеге өсті.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары бойынша 1,7 есе, корпоративті табыс салығы бойынша 1,6 есе, үшінші елдерден импортқа ҚҚС 68,8%-ға, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 45,5%-ға, пайдалы қазбалар өндірісіне салынатын салық 25,5%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 18,1%-ға өсуі байқалады.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

2022 жылы 9 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 55,5%, мырышқа 26,4%, алюминийге 19,1%, алтынға 1,3% және қорғасынға 0,4% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 46,8%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 9 айында – 60,6$, 2022 жылғы 9 айында 1 тонна үшін – 88,9$).

Ағымдағы жылғы 9 айда үшінші елдермен тауар айналымы 45,0%-ға өсті (экспорт 52,1%-ға, импорт 28,7%-ға өсті). 

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 9 айда өткізу бойынша айналым 23,6%-ға (83 165 млрд теңгеден 102 800 млрд теңгеге дейін) ұлғайды.

Өзгелердің жаңалығы