«Еңбек» бағдарламасы аясында 10 мыңға жуық мүгедек жұмысқа орналастырылды

24 Қыркүйек 2019, 14:03
1763
Бөлісу:
«Еңбек» бағдарламасы аясында 10 мыңға жуық мүгедек жұмысқа орналастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның ішінде 3,9 мың адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстанда 9,6 мың мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 3,9 мың адам.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың құрамына 10,8 мың мүмкіндігі шектеулі адамдар енгізілді, бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 3%-ын құрайды (402,8 мың адам). Мемлекеттік бағдарламаның бағыттары бойынша:

- қысқамерзімді курстармен 1 170 адам қамтылды;

- «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 757 адам қамтылды;

- 179 адам микрокредит алды, оның ішінде 90 адам өз ісін ашты;

- бос жұмыс орындарына – 3 851 адам жұмысқа орналастырылды;

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 983 адам жұмысқа орналастырылды;

- жастар практикасына – 440 адам жұмысқа орналастырылды;

- қоғамдық жұмыс орындарына – 4 337 адам жұмысқа орналастырылды.

2019 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 16 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда 690,6 мың мүгедек немесе халықтың жалпы санының 3,7%-ы, 424,4 мың еңбекке қабілетті жаста (61%), 106 мың адам жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы