Моңғолиялық 85 жастағы қария жүгіруден Азия рекордын жаңартты

4 Желтоқсан 2019, 14:12
10451
Бөлісу:
Моңғолиялық 85 жастағы қария жүгіруден Азия рекордын жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2-6 жетоқсан аралығында Малайзияның Кучин қаласында Азия елдері қарт желаяқтарының 21 кезекті чемпионаты өтіп жатыр.

e055e7f0-15bd-11ea-bd78-63974b90d07e_78574222_1824461221020438_395010418545786880_n.jpg

Азияның 29 елінен келген 3000-ға жуық қарт мастердің ішінде 85 жастағы моңғолиялық спортшы Ц.Раднаа жаяу жүгірудің М85-89 түрі бойынша 400 м-ді 1 минут 21,82 секундта жүгіріп өтіп, Азия елдері арасында чемпион атанды. Сонымен бірге ол осы жүгіріс бойынша рекордты жаңартты.

Бұл рекордты бұған дейін  2017 жылы ҚХР-ның Rugao қаласында өткен Азия елдері чемпионатында жапониялық спортшы Hiroo Tanaka 1.31.94 минутта жүгіріп өткен болатын. 


Өзгелердің жаңалығы