84 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді

31 Тамыз 2022, 17:31
857
Бөлісу:
84 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді
Фото: Ақорда

Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен магистратура, докторантура, резидентура бағдарламасы бойынша 84 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді.

Отырыс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі талқыланды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылды.

Биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия бөлінді.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы