Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американың Рочестер қаласының тұрғыны үйіне келген ұрыны үстелмен ұрды, деп хабарлады КТК арнасы.
Уилли Мерфи бірнеше награда иегері, бодибилдингпен айналысады. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу сағат 23:00-де есік қаққан. Ол жедел жәрдем шақыруды сұрапты. Алайда, зейнеткер бір нәрсені сезіп, есік ашпаған. Есікті сындырып, үйге кірмекші болған бейтаныс ер адамды қария орындықпен ұрып жығыпты.
Бұдан соң әжей ұрыға шампунь құйып, оны соққыға жыға бастаған. Мерфи бірден полицияға хабарласқан. Алайда, тәртіп сақшыларының көмегі қажет болмапты. Оқиға орнына барған полицейлер болған оқиғаға таңғалды. Олар тіпті әжеймен фотоға түсуге кезекке тұрған. Ал, бұзақы болса ауруханаға жеткізіліпті.
Өзінің егде жасына қарамастан кейуана күн сайын 102 килограмдық пұт көтеріп, жаттығу залынан шықпайтын көрінеді. Бұған қоса ол бодибилдингтен жүлделі орындарға ие болып жүрген.