Жылдамдықты асырған атыраулық 800 мың теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды

2 Тамыз 2019, 09:14
2376
Бөлісу:
Жылдамдықты асырған атыраулық 800 мың теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілде айында полиция қызметкерлері Атырау көшелерінде "Lada Priora" автокөлігімен ойқастап жүрген 31 жастағы жүргізушіні тоқтатты. 

"Ақ Жайықтың" хабарлауынша, көлік иесі жол ережесін бұзудан рекорд орнатқан. "Кордон-М" радар кешені оның 43 рет жылдамдықты асырғанын тіркеген.

Жергілікті полицейлер "атыраулық шумахердің" жиналған айыппұлдарының жалпы сомасы 782 750 теңгеге жеткенін анықтаған.

"Жүргізушімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 1 апта ішінде айыппұлдарын төлеген жағдайда 50%-дық жеңілдік жасалатыны да хабарланды", - делінген хабарламада. 

Жол ережесін бұзған азаматтың көлігі айып тұрағына қаңтарылды.

Айта кетейік, былтыр тамызда 64 жастағы зейнеткер 1 айдың ішінде жылдамдықты асырғаны үшін 26 рет камераға түсіп, 475 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелген болатын. Алайда, ол жеңілдікті пайдаланып, бюджетке 228 мың теңге төлеп құтылған.





Өзгелердің жаңалығы