+80,8 градус. Әлемдегі ең ыстық жер анықталды

22 Мамыр 2021, 19:44
14583
Бөлісу:
+80,8 градус. Әлемдегі ең ыстық жер анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Калифорнияның Өлім аңғары Жер бетіндегі ең ыстық жер мәртебесін жоғалтты. Ғалымдар анықтағандай, Иранның Лут шөлі мен солтүстікамерикалық Сонора шөлінде ауа температурасы одан да жоғары екен.

The Daily Mail хабарлауынша, Өлім аңғарындағы ауа температурасының рекорды Цельсий шкаласы бойынша 56,7 градусты құраған. Дегенмен Лут пен Сонора шөлдерінде ауа температурасының мөлшері 80,8 градусқа дейін көтеріледі. Бұл ретте Лут шөлінде бұл температура тұрақты түрде сақталатын көрінеді.

Зерттеу авторлары АҚШ-тың Геологиялық қызметінің спутниктің деректерін сараптап, соңғы екі онжылдықтағы (2002-2019 годы) Жер беткейіндегі жаһандық ауа температурасын зерделеді. 

+80,8 градус. Әлемдегі ең ыстық жер анықталды

Олардың айтуынша, Лут шөлі орналасқан жеріне байланысты ең ыстық жер саналады. Аталған шөл таулар арасында орналасқан. Сол себепті ондағы ыстық ауа оның аумағында оңай сақталып тұрады.

Ал АҚШ пен Мексикамен шекаралас жатқан Сонора шөлі де өте жоғары температураларға дейін жетеді. Дегенмен Лут шөлінің температурасы ыстығырақ болады.

+80,8 градус. Әлемдегі ең ыстық жер анықталды

Сондай-ақ ғалымдар Жер бетіндегі ең суық жерді де анықтады. Бұл көпшілікке белгілі - Антарктида. Онда ауа температурасы -100,9 градусқа дейін жетеді екен. Бұл 2011 жылы жүргізілген зерттеуге қарағанда 20 градусқа төмен. 

+80,8 градус. Әлемдегі ең ыстық жер анықталды

Бұған дейін Антарктиданың жасыл континентке айналып келе жатқаны хабарланды. Әлемдегі ең суық жерде жаңа экожүйелер дамып келе жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы