8-сынып оқушыларын тоғыз ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген - ІІМ

3 Сәуір 2023, 12:46
1207
Бөлісу:
8-сынып оқушыларын тоғыз ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген - ІІМ
Фото: sputnik.kz

Жетісу облысында тоғыз ай бойы екі кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның апталық баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жетісу облысында тоғыз ай бойы алдау арқылы екі кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 1993 жылы туған әйел анықталды. Жәбірленушілер 2008 жылы туған, 8-сынып оқушылары. Олардың тапқан табысын жеңгетай өзі алып отырған, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Аталған фактілер бойынша ҚК-нің 134-бабы (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) және ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігі (жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 19 жастағы қостанайлық бойжеткенді 250 мың теңгеге сатқан күдіктілердің ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы