Адам саудасы: 19 жастағы қостанайлық бойжеткенді 250 мың теңгеге сатқан

3 Сәуір 2023, 12:40
844
Бөлісу:
Адам саудасы: 19 жастағы қостанайлық бойжеткенді 250 мың теңгеге сатқан
Фото: gov.kz

Петропавл қаласында адам саудасымен және оларды пайдаланумен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның апталық баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Мәселен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің интернет және әлеуметтік желілер арқылы материалдық жағдайы ауыр қыздарды, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды іздеумен айналысқаны анықталды. Осыдан кейін олар қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қыздармен танысып, жұмыс іздеуге көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін пайдалану арқылы Петропавл қаласына шақырады, - деді департамент басшысы.

Белгілі болғандай, қыздар келгеннен кейін оларға психологиялық қысым жасап, қарсылығын басып, қорқытып және физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланған.

Аталған схема бойынша күдікті Қостанай қаласының 19 жастағы тұрғынын жалдап, оны одан әрі қаладағы сауналар мен қонақ үйлерде жыныстық пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатты. Бұл факт ҚК-нің 128-бабы 1-бөлігі-адам саудасы бойынша СДТБТ-да тіркелді. Қажетті көмек көрсету үшін жәбірленуші баспанаға орналастырылды, - деп атап өтті Қанат Нұрмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы