8 наурызға арналған ауа райы болжамы

8 Наурыз 2020, 10:00
1636
Бөлісу:
8 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 8 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасы ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өтіп жатқан циклон әсерінен еліміздің солтүстік аймақтарында кей жерлерде аздаған қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, желдің күшеюі, солтүстікте – жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысында жел 18-23, таулы аудандарда 27 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.

Маңғыстау облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.



Өзгелердің жаңалығы