8 маусымнан бастап Мемлекеттік статистика туралы заңына енгізілген өзгерістер күшіне енеді

7 Маусым 2024, 17:52
547
Бөлісу:
8 маусымнан бастап Мемлекеттік статистика туралы заңына енгізілген өзгерістер күшіне енеді
PHOTO
Фото: Ұлттық статистика бюросы

8 маусымнан бастап әкімшілік дереккөздер мен респонденттерге қатысты профилактикалық бақылауды алып тастау бөлігіндегі «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-1 және 12-2-баптарына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңнамаға енгізілген түзетулерді түсіндіру үшін Бюро әкімшілік деректердің тікелей көзі болып табылатын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

Енді әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік бақылау қашықтан бақылау, сондай-ақ мерзімді және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылатын болады. Қашықтан бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыларды орындау мерзімі 10-нан 15 жұмыс күніне дейін ұзартылды.

Өзгерістер әкімшілік деректерді беру тәртібін бұзғаны үшін тексеру жүргізу рәсімін де болдырмайды. Қорытындыны орындамаған жағдайда бірден әкімшілік іс қозғалады.

Келісілмеген нысандар, әдістемелер, сондай-ақ деректер сапасының деректерді басқару талаптарына сәй келмеуі мен алдыңғы тексерулердің теріс нәтижелерімен байланысты бұзушылықтар әкімшілік дереккөздің мерзімді тексерулердің жартыжылдық жоспарына енгізілуіне негіз болады. Әкімшілік дереккөз тексерудің басталатыны туралы бұрынғыдай 15 күн емес 3 тәулік бұрын хабарланатын болады.

8 маусымнан бастап Мемлекеттік статистика туралы заңына енгізілген өзгерістер күшіне енеді

Жоспардан тыс тексерулер құқық қорғау және мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, БАҚ-тан және анықтау органдарынан келіп түскен заңнаманы бұзу фактілері бойынша жүргізілетін болады. Тексеру жүргізу мерзімі тағы 15 жұмыс күніне ұзарту мүмкіндігімен 30 жұмыс күніне дейін ұлғайтылды.

Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік іс қозғалады.

Респонденттерге қатысты өзгерістер бөлігінде, егер олар бастапқы статистика деректерін уақытында ұсынбаса, айыппұл санкциялары алдын ала ескертусіз салынады.

Сонымен қатар егер бұрыс деректер табылса, респонденттерге түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хабарланады. Түзетулерді нысанды қайта ұсыну немесе деректердің дұрыстығын растау үшін қосымша ақпарат беру арқылы жасауға болады. Егер деректерді бұрыс деп тануға жеткілікті негіз болса, әкімшілік іс қозғалады.

Өзгелердің жаңалығы