Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қазан күні Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, күн жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
8 қазан күні республиканың тек батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерде республика бойынша тұман түсіп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.Батыс Қазақстан, түнде Атырау, таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, күндіз Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.