8 айда ел экономикасы 3,1 пайызға өсті

13 Қыркүйек 2022, 10:19
2426
Бөлісу:
8 айда ел экономикасы 3,1 пайызға өсті

Ұлттық экономика министрі Әлбек Қуантыров ел экономикасының қаңтар-тамыз айларындағы даму қарқыны туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтар-тамызда ел экономикасының өсу қарқыны 3,1% жетті. Нақты сектордағы өсу 3,3% болды. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ке өсті. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсу қарқынын көрсетуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқынының 5,7%-ке дейін жеделдеуі байқалады. Инвестициялар мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 2 есеге, білім беруде– 59,1%-ке, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуде – 30,1%-ке, саудада – 21,9%-ке, қаржы және сақтандыру қызметінде – 20,2%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 18,8%-ке, құрылыс саласында – 15,7%-ке өсті, -деді мәлімдеді Қуантыров Үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалып отыр.

Биыл қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 36,9%-ке өсіп, 74,3 млрд АҚШ долларға жетті. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 52,9%-ке өсіп, 48,9 млрд АҚШ долларға артты. Өңделген тауарлар экспорты 35,7%-ке ұлғайып, 14,3 млрд АҚШ долларға ұлғайса,  тауарлар импорты 25,3 млрд долларға жетті. Жалпы, оң сауда балансы 23,6 млрд АҚШ долларына тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу қарқыны сақталуда. Осы жылдың қаңтар-тамызында өндіріс көлемі 4,8%-ке артты, - дейді  ведомства басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы