Бразилияның оңтүстігіндегі Санта-Катарина штатында әуе шарының апатқа ұшырауы салдарынан кемінде сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы CNN жергілікті билікке сілтеме жасап жариялды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Штат губернаторы Джорджиньо Меллоның мәлімдеуінше, әуе шарында барлығы 22 адам болған. Қазіргі таңда құтқарушылар аман қалғандарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Оқиғаның нақты себептері әзірге анықталған жоқ. Іздестіру-құтқару жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.