75 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы МКД қызметкері сотталды

Бүгiн, 11:09
133
Бөлісу:
75 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы МКД қызметкері сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Грузиядан экстрадицияланған БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкеріне аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін үкім жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот процесі барысында көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотталушының мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алғанын дәлелдеді, - делінген хабарламада.

Сотталған мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мүлікті тәркілеуді қолданып сотталушыдан пара сомасын өндіріп алды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы