70%-ы бір компанияға тиесілі. Әбдіғалиұлы азық-түлік бағасы туралы

26 Маусым 2023, 16:05
1132
Бөлісу:
70%-ы бір компанияға тиесілі. Әбдіғалиұлы азық-түлік бағасы туралы
Фото: ОКҚ

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдегі азық-түлік бағаларының бағасы өсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірдің бюджет кірісінің 70 пайызы Kazakhmys корпорациясына тиесілі. Республикалық бюджетке корпорациядан шамамен 80 пайыз немесе 108,7 млрд теңге түседі. Сол себепті өңір экономикасы Kazakhmys-қа тәуелді, - деді өңір әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Әбдіғалиұлының мәлімдеуінше, өңірде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінен облыс өнімнің тек 3 түрін (1-сұрыпты ұн, 1-сұрыпты нан және сиыр еті) өндіреді.

Қалған 16 позиция (картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс майы, макарон, сүт, сүзбе, айран, тұз, май, жұмыртқа, тауық еті) сырттан әкелінеді. Осыған да байланысты өнімнің жекелеген түрлеріне бағаның айтарлықтай өсуі байқалады, - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Өзгелердің жаңалығы