70-тен астам ІІМ қызметкері мерекелік төсбелгімен марапатталды 

13 Желтоқсан 2021, 12:38
1033
Бөлісу:
70-тен астам ІІМ қызметкері мерекелік төсбелгімен марапатталды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады. Оның айтуынша, Тәуелсіздік күні қарсаңында Ішкі істер министрі үлгілі қызмет атқарғаны үшін қызметкерлерге алғысын білдірді.

Министр Ерлан Тұрғымбаев ардагерлерді, Алматы гарнизонының қызметкерлерін – полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, қала күзет қызметінің, Алматы академиясы мен ІІМ Кинологиялық орталығының өкілдерін және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін марапаттады. ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен Алматы гарнизонының 70-тен астам қызметкері, сондай-ақ ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның ардагерлері қошаметке ие болды, - деп атап өтті Нұрділдә Ораз.

Сонымен қатар бірқатар қызметкерлерге үлгілі қызмет атқарғаны және қызметтік борышын мінсіз орындағаны үшін ведомстволық наградалар, сондай-ақ мерзімінен бұрын атақтар берілген.

Министр мемлекеттің тұрақтылығын, азаматтардың қауіпсіздігі мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде Министрлік ардагерлерінің атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ардагерлерге Ішкі істер органдары жүйесінің қалыптасуы мен дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғыс айтты, - деді ведомство өкілі.

 

Өзгелердің жаңалығы