Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын, шығыста кей жерде қатты жауын-шашын түседі, көбінесе қалың қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Республиканың кей жерінде – тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын, күшті жел соғады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында өте қатты жел соғады, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерінде 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін. Кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с болжанады, кей жерде көктайғақ, тұман түсуі ықтимал.
Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Алматы облысының түнде кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.