7 қазаннан бастап Шымкент пен Түркістан арасында тегін туристік автобус қатынайды

5 Қазан 2023, 00:25
831
Бөлісу:
7 қазаннан бастап Шымкент пен Түркістан арасында тегін туристік автобус қатынайды
Фото: baq.kz

7 қазаннан бастап Шымкенттен Түркістанға тегін автобус туры ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автобустар әр сенбі, жексенбі күндері таңертең Шымкенттен Түркістанға барып, кешкі уақытта Шымкентке кері қайтады. Автобус Түркістанға қарай Шымкенттегі Shymkent Grand Hotel қонақ үйінің тұрағынан таңертеңгі 9:00-де жолға шығатын болса, Түркістандағы Visit Turkestan кеңсесінің тұрағынан кешкі 19:00-де Шымкентке аттанады.

Тегін автобус турына қатысу үшін Visit Turkestan сайтында тіркелу керек. Жобаға қатысушылар Арыстан баб кесенесі мен көне Отырар қалашығына тегін кіре алады.

Айта кетейік, тегін автобус туры Kazakh Tourism қолдауымен Turkistan Travel Fest фестивалі аясында ұйымдастырылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы