7 мың ресейлік Қазақстанға жұмыс істеуге келген – министрлік

30 Қыркүйек 2022, 16:41
1055
Бөлісу:
7 мың ресейлік Қазақстанға жұмыс істеуге келген – министрлік

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ресейден келгендер азаматтар жекелей жағдай жасалмайды. Ол белгілі жағдай. Қазіргі кезде Ресейден келіп, Қазақстанда жүрген 353 мың адам бар. Оның 7 мыңы ғана Қазақстанда жұмыс істеуге келген. Сол үшін олардың (ресейліктердің – ред.) келуі еңбек нарығына әсер етпейді. Атап айтқанда, ресейліктерге ешқандай жеке жағдай жасалмайды, - деп атап өтті вице-министр Олжас Ордабаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елге ағылып келіп жатқан ресейліктер санының көптігі азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтінін айтқан болатын. Бұл мәселе бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен жиналыс өткізгенін алға тартқан министр өңірлерде үйлеспеушіліктер болуы ықтимал дегенімен, бірақ қазір бұл мәселелердің пысықталып жатқанын жеткізді. 

Өзгелердің жаңалығы