Астана, baq.kz. Елордада тұрғын үй бағдарламасы аясында ипотекалық несие алу үшін 1599 өтінім қабылданды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Бүгінге дейін олардың 1113-і мақұлданған.Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасы» шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Ол тұрғын үйді сатып алуға жағдай жасай отырып, ипотекалық несиелендіру нарығын қалыпқа келтіруге бағытталған жүйелі шешімдерді ұсынады.