6,1 трлн теңге. 2025 жылы өңірлердің кірісі артады

10 Қараша 2022, 09:44
1269
Бөлісу:
6,1 трлн теңге. 2025 жылы өңірлердің кірісі артады

Бұл туралы бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі  Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қарау үшін ұсынылған «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы әкімшілік-аумақтық құрылымды және үш жаңа облысты қайта құру жағдайында әзірленді. Орта мерзімді кезеңде өңірлік саясаттың жалпыұлттық басымдығы әрбір азамат үшін кепілдендірілген базалық қызметтер деңгейінде «теңгерімді аумақтық дамуды» қамтамасыз етеді. Жаңа үш жылдық жалпы сипаттағы трансферттер осы міндетті өз тарапынан бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша жекелеген тәсілдерді қолдану жолымен шешуді қарастырады, - деп атап өтті заң жобасын таныстырған ведомство басшысы.

Айтуынша, тәсілдердің бірінші бағыты өңірлердің дербестігін одан әрі арттыруға бағытталған.

Былтыр Үкімет жергілікті бюджеттердің кірістерін болжау әдіснамасын жетілдіру бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Парламент депутаттары мен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша өңірлердің салық әлеуеті есепке алынды. Сонымен қатар Үкімет шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығын берудің оң тәжірибесін ескере отырып, осы үш жылдық кезеңде де жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайту бойынша тәжірибені жалғастырды. Бұл ретте, заң жобасында бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысының орта есеппен 25%-ға өсуімен, сондай-ақ жекелеген түсімдерді жергілікті деңгейге 300 млрд теңге көлемінде беруге байланысты қосымша түсімдер ескерілді. Біздің бағалауымыз бойынша, аталған шараларға биыл 2020-2022 жылдарға белгіленген салық демалысының аяқталуы қосымша серпін береді, - деді министр. 

Сонымен қатар ол аймақтардың кірісі өседі деп болжады. 

Болжам бойынша өңірлердің кірістері 2022 жылы 4,7 трлн теңгеден 2025 жылы 6,1 трлн теңгеге дейін немесе 30%-ға артып, 2025 жылға өзіндік кірістер үлесінің 47%-ға дейін өсуін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысының бюджеттік жоспарлауды жеңілдету жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін бюджетаралық трансферттерді қысқарту бойынша жұмыс басталды. Жоспарлы кезеңде олардың жалпы сипаттағы трансферттер көлеміндегі үлесі орта есеппен 60%-ды құрайды. Бұл бюджеттік рәсімдерді жеңілдетуді және бюджет қаражатын түпкілікті алушыларға уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді, - дейді Әлібек Қуантыров. 

Өзгелердің жаңалығы